https://www.youtube.com/embed/8_CgjQr8G6Y?si=RGedbXzRXu5tBXP7" 

Грант немесе ақылы деп бөлінбейді. Бұдан былай барлық студент жатақханадан орын алуға құқылы. Елімізде 600 мыңнан астам студент бар десек, оның 23 800-і жатақханадан орын ала алмаған. Тапшылық 2029 жылға қарай шешіледі деп сендірді жауапты министрлік. Себебі, енді Республика бойынша жылына 10 мың орын салынып отырады.

Жатақхана - жылда жауыр болған проблема. Студент Университет жанындағы арзан студенттер үйіне тұрайын десе, орын тапшы. Ал, пәтер жалдайын десе, қалта көтермейді. Бұл проблеманы биыл жауапты министрлік хостел жалдау арқылы шештік деп отыр. Хостелдар пәтер жалдағаннан әлдеқайда арзан дейді.

АҚЕРКЕ АБЫЛАЙХАН ҚР ҒЖБМ БІЛІМ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Көп атаналар осы хостел деген сөзді естігенде қорқып жатады. Оларды жекеменшік жатақханалар деп айтуға болады. Бірнеше университет студенттері бірігіп, осы хостелдерде тұрады. Хостелде жолдан келген жолаушы тоқтамауы керек. Жалпы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігінің сақталуы жекеменшік иесімен келісімшарт жасасқанда басты талап ретінде қойылды».

Барар жері болмаған студенттер немесе жатақханадан орын ала алмағандар ситуациялық дағдарыс орталықтарына хабарласса болады. Бүгінде барлық университеттер жанынан мұндай орталықтар ашылып, жұмыс істеп тұр.

АҚЕРКЕ АБЫЛАЙХАН ҚР ҒЖБМ БІЛІМ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Әрбір университетте студент жастармен жұмыс жасайтын әлеуметтік және тәрбие жұмыстардағы проректор бар, жастар департаменттері бар. Хостелге баратын болса да бала, қызметкерлер бекітіліп, қалада қалай жүріп-тұру керек мәлімет беретін жауапты тұлғалар анықталу қажет».

Айтпақшы енді грантқа түсті ма, ақылы негізде оқи ма барлық студенттер жатақханамен қамтамасыз етілетін болады. Еш шектеу жоқ. Жаңа заң биылдан бастап күшіне енеді.