Елімізде жүргізуші куәлігін алу қиындады. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап автомектептерге оқуға келген әрбір үміткердің құжаты Ішкі Істер Министрлігінің базасында автоматты түрде тіркелетін болады және министрлік олардың сабаққа нақты келген, келмегендерін бақылап, көріп отырады. Құжатты өткізіп қойып, жүру деген енді болмайды. Себебі, көлік жүргізушілерінің дайындығы сын көтермейді деді бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев. Статистикаға сүйенсек, биыл 22 мыңнан астам жол апаты тіркелген, онда 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алған.

ҚАЙСАР СҰЛТАНБАЕВ ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  «Бизнеске қолайлы жағдай жасаймыз деп кейбір жағдайларды қолдан шығарып алдық. Өзін-өзі дайындау, онлайн, жүргізушілерді дайындайтын автомектеп бақылаусыз өздері ашып, өздері жүргізу деген ұғым енгізілген болатын. Соның нәтижесін біз енді көріп отырмыз. Жүргізушілердің сапасы төмендеп кеткеніне көз жетті. Мемлдекеттік органдармен бірлесіп автомектептерге талап күшейттік».