Елімізде синхронды жүзу спорты кенжелеп отыр.Бұл туралы бүгін аталмыш спорт түріне қарасты Федерацияның мамандары БАҚ өкілдеріне арнап ұйымдастырған баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті. Спикерлердің айтуынша Алматы қаласында 57 бассейн бар,оның үшеуі ғана әртістік жүзу спортына қолайлы.Бірақ олимпиадалық сайыстарды өткізу үшін халықаралық талаптарға сай келмейді.Келешек жастардың жұлдызын жағу үшін, мемлекет тарапынан жүйелі түрде қолдау қажетті,ал федерация біріге жұмыс жасауға дайын.

ӘСЕЛ ОРЫНБАСАРОВА ӘРТІСТІК ЖҮЗУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

Федерацияның құрылғанына екі жыл болған. Мамандар осы уақыттың ішінде әртістік жүзу спортында қордаланып қалған мәселелерді көтеріп, оны шешудің жолдарын   қарастырып келеді. Спортшылардың бабын табатын бапкерлерді де тарту қиынға соғуда,өйткені мардымсыз жалақыға жұмыс жасағылары келмейді. Синхронды жүзу спортымен Астана, Алматы,Теміртау,Талдықорған қаласының жастары ғана кәсіби тұрғыдан шұғылдануда. Қалған аймақтарда әзірге мүмкіндік болмай отыр. Салаға жауапты министрліктен қолдау табатын болса, мыңдаған баланың арманы орындалып мақсатымызға жетер едік дейді Федерация өкілдері.