Енді Алматылықтар су тапшылығын көрмейді. Биыл жыл соңына дейін оңтүстік Астанада 142 шақырым инженерлік коммуникация салынады және 48 шақырым желі жөнделеді. Нәтижесінде тұрғындардың 99,6%-ы орталық таза ауыз сумен қамтылады. Ал желілердің тозу деңгейі 53,8%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы премьер-министрдің оңтүстік шаһарға ресми сапары кезінде белгілі болды. Іс-сапар кезінде бүгін Олжас Бектенов Алматы қаласын сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді. Айта кетейік, Алматы 6 негізгі көзден: Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінен және Алматы мен Талғар кен орындарының жерасты су жинағышы арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Қала тұрғындарына таза ауыз суды үздіксіз беру мақсатында алдағы уақытта жалпы қуаттылығы 15 мың куб болатын жаңа 6 ұңғыма салу жоспарланып отыр. Одан бөлек, 6 сорғы стансасындағы 14 сорғы толық ауыстырылатын болады. 

ОЛЕГ ЮГАЙ «АЛМАТЫ СУ» МКК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Өнімділікті 1,5-2 есе арттыру үшін сорғы жабдықтарын ауыстыру, резервуарларды реконструкциялау, қосымша 4 ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Бұл Медеу ауданының оңтүстік бөлігін екі тәуелсіз көзден кепілді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – Талғар жер асты су жинағышы мен «Медеу» сүзгі стансасы». 

Үкімет басшысы осылайша Алматының су жайын сүзгіден өткізіп әлек. Ал Ақтаулық тұрғындар неше күн болды ауыз судан тарығып отыр. Күні кеше ашынған қараша тіпті тұтас бір көшені жауып тастаған болатын. Әзірге ол өңірдің су мәселесі қалай және қашан шешілетіні белгісіз.