Енді су шаруашылығы саласындағы отандық мамандар Америка Құрама Штаттарында біліктілігін арттырып, сол жақта өндірістік тәжірбиеден өте алады. Су ресурстары және ирригация министрлігі АҚШ, Геологиялық қызметімен ынтымақтастық орнатты. Өз кезегінде америкалық тарап су тасқынының алдын алу және жедел ден қою, оның салдарымен күресу мәселесінде қолдау көрсетеді. Демек, елімізге АҚШ сарапшылары көптеп келетін болады.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: «Америка Құрама Штаттарымен су шаруашылығы саласында талқылайтын мәселе өте көп. Бұл мемлекеттің аталған салада тәжірбиесі мол. Соңғы заманауй технологиялар қолданылады. Сол технологияларды біздің елде де енгізу қажет. Қазақстандық су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру да маңызды. Отандық кадрларды оқытуға болатын түрлі халықаралық бағдарламалар бар. Алдағы уақытта біртіндеп сол бағдарлама аясында мамандарымыздың біліктілігін арттыратын боламыз».