Атырау қаласынан 190 шақырым жерде орналасқан Индербор кентінде апат. Ескі құбырдан су кетіп, елді мекенге қауіп төнді, ал халықтан маза кетті. Алайда, жергілікті әкімдік пен облыс басшысы дер уақытында жағдайды қолға алды. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрі де сонда. Жауаптылар халыққа қауіп төніп тұрған жоқ деп сендіруде. Оқиға орнында  апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тез арада шешім шығарылып, аталған аймаққа шұғыл түрде қосымша қорғаныс бекетін салу жұмыстары басталды. Айта кетейік, суды төгу үшін 30 бірлік техника, 20 су айдау құрылғысы және 300-ден астам адам ТЖД қызметкерлері мен әскерилер жұмылдырылған. 

ДАРЫН ШАМҰРАТОВ ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Қазіргі уақытта шыққан су тұйықталды. Бұл су бұрынғы ескі құбырлардан кетіп жатыр деген болжам бар. Бірақ, оны ашып қарауға мүмкіндік жоқ. Қазіргі уақытта толықтай тұйықталып, бақылауға алынды. Қазір атқарылып жатқан жұмыстар үш деңгейлі. Бөгет салу жұмыстарын ұйымдастырудамыз.Осы жұмыстың басы қасында облыс әкімі мен төтенше жағдай министрі басшылық жасады. Қазіргі уақытта ахуал толықтай бақылауда. Индербор бөгетін ешқандай да су шайған жоқ».