Бала жанының бағбаны болған қаламгер,қазақ әдебиеті қазынасына құнды дүниелер қалдырған көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаев жайлы   «Бердібек ауылына саяхат»  фильмі көрермен назарына ұсынылды. Қазақ даласының ең биік нүктесі,таңғажайып табиғатымен,көктіреген аспантауларымен танымал  жазушы дүниеге келген Нарынқол өңірі жайлы фильм Қоңыр MEDIA GROUP шығармашылық ұжымының жемісі.

 Фильмде жазушының шығармаларын жата жастана оқыған оқырмандары арқылы  жазушының кіндік қаны тамған туған жеріне,шығармаларына арқау болған ауылы,тау-тасы мен өзен көлдерін екі кейіпкердің сөл өлкеге саяхаттауы арқылы жеткізе білген. Менің атым Қожа повестінің желісімен  экрандалған Менің атым Қожа фильміндегі оқиға желісі де кейіпкердің осы өңірден алған әсерімен қоса өрбіп отырады. Бұл жұмыстарымыздың барлығы ұлы жазушыға деген құрметімізден туған дүниелер дейді жоба авторы.

СЕРЖАН МОЛДАСАН, РЕЖИССЕР, ЖОБА АВТОРЫ

Фильм шығармашылық ұжымның екінші жобасы. Қарасаз көшелері атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған ауылына арналған алғашқы туындылары да көрермендердің жоғары бағалауына ие болған еді.