Күні кеше бас шаһар Елорданың бір жартысы толық жарықсыз қалды. Кешкі уақытқа сәйкес келгендіктен халық әбден әбігерге түсті. Бағдаршам жұмыс істемей жол-көлік оқиғалары жиілеп, көпқабатты үйлер болса, жылусыз, ыстық сусыз отырды. Ал, әлеуметтік нысандар оның ішінде ауруханаларда емделушелерге қажетті ем көрсете алмай дәрігерлер әбден қиналды. Бас аяғы 1,5 сағат уақыт бойына қуат көзінсіз қалу деген ол ұзақ уақыт. Бұл технологиялық бұзушылықты тексеретін комиссия құрылады. Олар себебі мен салдарын анықтайды. Қала басшылығы болса, бұдан былай мұндай жағдай қайталанбайды деп сендіріп отыр.
НҰРЛАН НҰРКЕНОВ АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Төтенше жағдай шина ажыратқышының жарылуы салдарынан болды. Осының салдарынан қысқа тұйықталу болды. Сөйтіп кеше сағат 21:57-де он қалалық қосалқы станса сөніп қалды. Мұның салдарынан оң жағалауда энергия беру шектелді. Сағат 23:00-де әуежай қосалқы станциялары іске қосылды. Сағат 23:10-да «Бәйтерек» қосалқы стансасы қосылды. Осылайша түнгі сағат 2-ге дейін барлық қосалқы станция іске қосылды».