Жасөспірімдер арасындағы буллинг, суицид оқиғалары жиіледі. Айдың күннің аманында жастардың мұндай іске баруына не себеп? Бұл жағдайға  психолог мамандар не дейді? Тілшіміз дайындаған материалға кезек берсек. 

«Тәрбие тал бесіктен» бала тәрбиесі үшін отбасындағы ата-ананың алатын орны ерекше. Алайда қазіргі ата-аналар балаға уақыт бөлуден қалыс қалып жүрген сыңайлы. Статистикаға сүйенсек оқу жылы басталған уақыттан бері бірнеше оқушы өз өмірін қиған. Оған не себеп? Мұндай жайт орын алмау үшін қайтпек керек? 

АМАНЖАН АБДУКАРИМОВ ПСИХОЛОГ: «Мәселе негізі тамыры қай жерде? Атана аналар балаларын осы күйінде қабылдамайды, өзгерткісі келеді.   Бұл жерде ата-аналарға көп нәрсе байланысты. Білім болса ата-аналармен, балалармен жиналыс өткізіп, жұмыс жасалса осы нәрселер кішкене азайып кетер еді.

«Ата-анасынан жылулық сезінбеген бала осындай жағдайға барады» - дейді психолог. Ал заңгер, мұндай жағдайда баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. 

БАҒДАТ АМАНДОСҰЛЫ ЗАҢГЕР: «Бізде қолданыстағы заңнама Кәмелетке толмаған балалардың іс әрекеттері үшін оның ата-анасы және олардың заңды өкілдері жауапты.Яғни бұл жерде баланың ешқайдай кінәсі жоқ. Тікелей кінә ата-анасында. 06:20/06:32 «Егер сіз ата-ана ретінде өзіңіздің туған балаңызға күш қолданатын болсаңыз сіз жауапкершілікке тартыласыз.Яғни қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз. 10:05/10:20 Баланы ұрып оқыту ол дұрыс емес. Оны қоғам да қолдамайды. Себебі егер бала құқық қорғау органдарына хабарласатын болса, ата-ананы құқығынан шектеуге негіз бар. Бала өзінің пікірін айтуға құқығы бар». 

Айта кетейік,  оқушылар арасындағы жағдайға байланысты еліміздің барлық білім ошақтарында 23-27 қыркүйек ата-аналар жиналысы өтеді. Бұл жиналыс балалардың қауіпсіздігіне негізделген.