-"

Жақында Венесуэлада кітап сатып алу арман болып қалмақ. Каракас қаласындағы кітап дүкендеріндегі сөрелер босап жатыр. Импорттың төмен болуына байланысты басылымдар өте аз. Елде кітап басып шығару мүмкін емес. Қағаз бағасы тым қымбат. Тек, ескі кітаптарды сататын дүкендер уақытша жұмыс жасамақ.

РОМУЛО КАСТЕЛЛАНОС КІТАП ДҮКЕНІНІҢ ИЕСІ: «Қағаз құны қымбат. Сол себепті, Венесуэлада кітап басып шығару қиын болыр тұр. Біз билік өкілдерінің қағаз бағасын төмендетулерін сұраймыз».

Он жыл бұрын Венесуэладағы кітап сатушылар мен баспагерлер гильдиясының 110 мүшесі болған. Қазір олардың саны 25-ке азайған. Көбісі шетелге кетті. Гильдия Президенті мұның себебі, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстан болғанын айтады. Елдің жалпы ішкі өнімі 80%-ға азайған. Халықтың жалақысы да аз. Тіпті, ол жалақы тамаққа да жетпейді.

Айта кетейік, он жыл бұрын Венесуэланың Білім Министрлігі мемлекеттік мектептерде жеке баспалар шығарған оқулықтарды пайдалануға тыйым салған болатын. Соның салдарынан, баспагерлер табыстарының 80% жоғалтты. Нәтижесінде, елде оқулықтар тапшылығы белең алды. Өйткені, мемлекет 2018 жылдан бері бірде-бір баспа шығармаған. Бірақ, 2021 және 2022 жылдары Венесуэла экономикасы аздап жандана бастады.