Жаһанда кеңінен тараған құсбегілік өнері қайта қанат жайып келеді. Ұлттық өнерді ғұрыптауға ат салысып жүрген құсбегінің бірі – Айшуақ Тайманов. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Тұщыбек ауылын халық «құсбегілер мекені» деп те атайды. Айшуақ Тайманов саятшылық пен құсбегілікті қоса алып, ителгіні қолында ұстап жүрген бірегей жандардың бірі.
АЙШУАҚ ТАЙМАНОВ ҚҰСБЕГІ:«Ерекшелігі тамақтануында. Кез-келген аңды алып түскеннен кейін басын жұлып тастып, бауыздап жейді. Сұңқардың ішінде ителгі күніне екі мезгіл тамақтанады. ителгі әуеден жемтігін теуіп түсіреді. Жерден де алатын қасиеті бар. Өте ақылды құс 2-3 жылдан кейін табиғатқа кеткісі келетін өнер көрсетеді».
Айшуақ мырза қыран құсының мінез-құлқына қарап есімін «Тентек» деп қойған екен. Салмағы 1 келі болса да, өте шымыр әрі аңды бір тістегеннен жайратып салады дейді құсбегі. Ұшқанда жылдамдығы сағатына 380 шақырымға жетеді. Өзге құсбегілер оның көзінің мөлдірлігі мен өткірлігіне қарап «қаракөз» деп те атап кеткен. Тентек түрлі турнирлерде топ жарып жүрген чемпион құстардың қатарында. Бұндай ителгілер Үстірт қорығы, Жабайыұшқан, Манашы, Есет, Көлеңкелі тауларында көп кездеседі.
АНАР ҚУАНЫШЕВА Ә.КЕКІЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Құмтышқандар, сарышұнақ, кеміргіштермен қоректенеді. Табиғат аясында санитар рөлін атқарады. Оба туғызатын кеміргіштерді жойып. Үйретсе қоян, түлкі, қарақұрыққа түседі. Араб елдерінде тарихи салт-дәстүрі бар. Бізде малмен мақтанса, арабтар ителгі құсымен мақтанады. Байлықтың көзі».
«Қызыл кітапқа» енген құсты аулауға жол жоқ. Кезінде Маңғыстаудан шетел асырып алып кетпек болған броконьерлер де болған деседі.
ҒАББАС ДОСАТОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Заңсыз аулаған жағдайда 700 АЕК айыппұл салынады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодексте заңсыз аулағанға арнайы бап бар 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Осыдан 3-4 жыл бұрын бір факті тіркелді. Шетел азаматы аэропортта заңсыз ителгі алып бара жатты».
Жалпы ителгілердің өмір сүру ұзақтығы бір ғасырға жуық. 90-шы жылдардың бас кезінде 3 мың ителгінің саны анықталған. Өткен жылдарда браконьерлердің кесірінен ителгінің нақты саны белгісіз. Дей тұрғанмен, сұраныс Арабия мемлекеттерінен көп түседі екен. Сол себепті, ителгіні ұя салатын жерінен ұстап, 100 мың долларға дейін саудаға түсіретін көрінеді.