"

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт бір емес екі бап бойынша сотталады. Енді күдікті Нұрболат Дәкебаевқа бірден екі бап бойынша айып тағылмақ. Бірі: бұзақылық, екіншісі: денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Оның қамауға алу мерзімі де бір айға дейін ұзартылды. Осы аталған екі бапты біріктіру үшін іс прокурорлардың қарауына қайта жіберілді. Егер оның бұл кінәсі дәлелденсе, екі мың АЕК-ке дейін айыппұл ол - 7,4 млн теңгеге жуық ақша немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс я болмаса екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда, айыпталушының адвокаты бұл айыппен келіспейді. Жедел жәрдем жүргізушісі бұл оқиғаға өзі кінәлі ол осы арқылы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына оқырман жинағысы келді дейді. Себебі, бұл оқиғадан соң бір аптадан кейін ол жаттығу залындағы видеосын жариялаған дегенді негізге келтірді. Алайда, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Ал, бүгін сотта сөз сөйлеген сарапшы да жәбірленушінің орташа деңгейде жарақат алғанын айтты. Бұл процесс бүгін тікелей эфирде көрсетілді. 

БАҚТИЯР АҚАНОВ СУДЬЯ: «Сот сот отырысында сөз сөйлеген қос тарапты бірдей тыңдап келісідей мәмілеге келді: Айыпталушы Нұрболат Дәкебаев ісі бойынша қаралып жатқан қылмыстық іс Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуроратурасына қайта жіберіледі. Яғни, олар айыпталушыға тағылған екі айып ҚР ҚК 107 бабы 1 бөлімі және ҚР ҚК 107 бабы екі қылмыстық істі қосып, байланыстырулары керек».

Айта кетейік, оқиға  2024 жылдың қаңтар айының соңында болған. Жедел жәрдем жүргізушісінің арнайы көлікті тоқтатқаны Дәкебаевқа ұнамаған. Ол жүргізушіні балағаттап, бетінен бірнеше рет ұрған. Жәбірленуші көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полицейлер Дәкебаевты іздеуге жарияланғаннан кейін жасырынып жүрген Қарқаралы ауданында бірнеше күннен кейін бірақ ұстаған еді.