"

Жетісу жүгерішілерінің жайы мәз емес. Еккен өнімдерін өткізе алмай әлек. Отандық нарықта жүгерінің бағасы арзандап кетті. Былтыр келісін 125 теңгеден өткізсе, биыл 70 теңгеге түсіп қалды. Бұл баға пайда әкелмек тұрмақ, шығынды толық жаппайды. Бұған не себеп? "Дала аруын" күтіп баптап, нәсібін де соған байлаған шаруалардың еңбегі еш кеткені ме?

Биыл егінге орақ мерзімінен бір ай кеш түсті. Өнім мол болғанмен ауа райының қолайсыздығы егіншілердің еңсесін түсіріп отыр.  Қазір қырман біткеннің басы төбе-төбе "сары алтын". Қазан айы жаңбырлы болып әбігерге салып еді. Қарашаның да қарбаласы аз емес.Қысалды шақ. Дәнді кептіру оңай іс емес. Бастысы- жүгері бағасы күрт төмендеп, орақ ұстаған қауымды қатты алаңдатып тұр. Жаркенттік байырғы жүгеріші Сағи ақсақал баға шығынды да ақтамайды деп қапалы.

САҒИ ҚОСБАҒАРОВ «БАУЫРЖАН» ШҚ БАСШЫСЫ: «Келесі жылы біз кредит аламыз.Өзіміз туралап тұрғанымызда, кредит одан әрі басып қалатын болды. Астықтың бағасы көтерінкі болса, дұрыс болар еді. Егер, баға көтерілмесе, келесі жылы жүгері екпеуіміз мүмкін».

ЖӘНІБЕК ОРАХАНОВ ДИҚАН

Панфилов ауданында  5000-дай шаруашылық бар.Соның 4000-ы жүгері өсіреді.  Биыл 26700 гектарға сары дән себілді. Шаруалар жүрегінің басым бөлігін Жаркент крахмал-сірне зауытына өткізеді. Дайын өнімнің 60 пайызын отандық кәсіпорындар тұтынады. Ал, қалғаны алыс-жақын шетелдерге экспортталады. Бірақ, айтуларынша  бағаның құбылуына зауыттың қатысы жоқ.

ВИЛИЯН ХАЛИКОВ - ЖАРКЕНТ КРАХМАЛ-СІРНЕ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Зауыт алды ұзын сонар кезек. 200-ге жуық көлік тұр. Тасымалдаушылар мұнда сағаттап емес, 4-5  тәуліктеп тұратынын айтып шағымдануда.  Сарылып күтуден шаршаған. Әсіресе шалғайдан келгендер үшін қиын. Суық күні көлікте ұйқтауға мәжбүр.

ӘДІЛЖАН САТУРИНОВ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ

АСХАТ ДӘУІРОВ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ

Жетісулық шаруалардың жанайқайынан жауапты басқарма хабардар. Бағаға әсер етуге қауқарсыз.  Өйткені  Ресейдің үлкен экспорттық ұсынысының салдарынан бидайдың нарықтағы бағасы төмендеді. Статистикаға сүйенсек дүниежүзілік нарықтағы бидай бағасы 14 пайызға,  жүгері 23 пайызға арзандаған.

БАХТИЯР ШӘМПІКОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ