Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Екінші дүниежүзілік соғыс: жеңіс тақырыбы әдебиет, фольклор мен өнерде» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.Толығырақ тілші бейнематериалында.

Іс-шарада филология ғылымдарының докторлары, профессорлар,ғылыми қызметкерлер баяндама жасап, Соғыс жылдарындағы қазақ театрларын, Ұлы отан соғысы кезіндегі қолжазбаларды, соғыс тауқыметін кеңінен суреттеді.

ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ «Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының бүгінгі өткізіп жатқан конференциясының тақырыбы өте маңызды. Екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңіс тақырыбы.Әдебиетте қалай көрініс тапты, ауызәдебиетінде қалай көрініс тапты жалпы өнерде, өнер саласында, өнер туындыларында қалай көрініс тапты бұл бүгін ғана зерттеліп келе жатқан мәселе емес,ілгеріден зерттеліп келе жатыр.   Осы соғыста біздің аталарымыз,әкелеріміз, ағаларымыз соғысып дұшпандарына қарсы өздерінің Атамекенін қорғап, қаншасы қанын төкті, қаншасы жанын қиды,оны біз ұмытпаймыз».

Ұлы Отан соғысы әдебиетте, өнерде сол кезеңнің адам рухын қайғы-мұң мен ерлікте бейнелеудің бірден-бір құралы болды. Соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиет – оның жадысы, жауыздыққа қарсы күрестің және адам рухының тамаша мысалы.

ГҮЛЖАҺАН ОРДА, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Конференцияның негізгі мақсаты-кешегі соғыс жылдарындағы қазақ халқының  ерлігін, жауынгерлігін паш еткен көркем шығармаларды, көркем туындыларды насихаттап, өскелең ұрпаққа жеткізу.Соның негізінде өскелең ұрпақтың  бойында патриоттық тәрбие қалыптастыру.Негізінен бұл соғыс-қазақ халқын әлемге танытқан соғыс болды.Себебі қазақ жауынгерлерінің ішінде көптеген батырлар шықты. Бауыржан Момышұлы,Т.Бигелдинов, тіпті рейхстагқа ту тіккен Р.Қошқарбаевтың өзі қазақтың перзенті еді».

Жеңіс – бұл тек қана соғыстың аяқталуы емес, бұл бейбітшілік пен бостандықтың басталуы, ерлік пен қайсарлықтың, адамгершілік пен ізгіліктің жеңісі.