https://www.youtube.com/embed/7oC-ytQJIz0?si=tycLccQdF-8VZ3I6"

Израиль мен Хамас арасындағы уақытша атысты тоқтату келісімі ұзартылғаннан кейін  тағы он екі кепілгерді 30 палестиналық тұтқынға айырбастады.

Израиль әскерилері елге Израильдің он азаматы мен екі шетелдіктің әкелінгенін растады. Бұл  ХАМАС тұтқындарының Қызыл Крест ұйымына тапсырылғанын сәті.
Жалпы бітімгершілік алты күнге ұзартылды. Ол бұдан да ұзаққа созылуы мүмкін деген үміт бар.Дереккөздер  Израиль барлау агенттігінің басшылары Дохада Катар премьер-министрімен кездескенін хабарлады. Олар әлеуетті келісімнің келесі кезеңін талқылады. Кездесуге Мысыр елінің ресми өкілдері де қатысты.Хамас тұтқындарға айырбастаған кепілге алынғандардың жалпы саны сейсенбідегі жағдай бойынша 81 болды. Олардың арасында 60 израильдік бар. Барлығы дерлік әйелдер мен балалар. Бұл жағдай екі жақтағы отбасылар үшін де қуанышты болды. Офри Бибас ағасының отбасын қайтаруға күш салуда. Олардың арасында Хамастың қолындағы ең кішкентай кепіл – 10 айлық Кфир Бибас бар.

ОФРИ БИБАС КЕПІЛГЕ АЛЫНҒАНДАРДЫҢ ТУЫСЫ: «Менің жалғыз ағамды Нир Оз қаласындағы үйінен бүкіл отбасымен: оның әйелі Шири және екі баласын қоса ұрлап әкетті. Біз хат жолдап отырмыз, өйткені ертең қазіргі атысты тоқтатудың және Израильмен кепілге алынғандарды босату туралы келісімнің соңғы күні, бірақ олар әлі де босатылған жоқ».

Израиль ХАМАС күніне кемінде он адамды кепілге жіберсе, бітімгершілікті ұзартуға дайын екенін мәлімдеді.Атысты тоқтату келісімі мақұлданса, кепілге алынған Израильдік ер азаматтар көп ұзамай босатылуы мүмкін.