Иісі мұсылман қауымы үшін қасиетті Мәуліт мерекесі биыл 26-27 қыркүйекке сәйкес келді. Мәуліт айының басталуына орай Алматы облысы,Жамбыл ауданындағы Болыс Сәт Ниязбекұлы мешітінде адамзаттың асылы болған пайғамбарымызға арналып ас беріліп,мәуліт жыры оқылып,салауат айтылды.

Мәуліт айы Мұхаммед пайғамбарымыздың дүниеге келген айы. Діни мерекелер күнтізбесіне сәйкес, оның туған күні биыл 26-27 қыркүйекпен тұспа-тұс келіп отыр. Ислам діні бойынша, бұл мерекенің маңызы Мұхаммед пайғамбардың өмірін насихаттау, жастарды имандылыққа, адамгершілікке және жақсылыққа тәрбиелеуге негізделеді. Осыған орай 4 бағыт бойынша жұмыс атқарып жатырмыз дейді Сәт мешітінің бас имамы.

СЕЙІТҚАЛИ ҚАЖЫ ЫБЫТАЕВ СӘТ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ: «Бізде 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі.Кез келген билік ауылдан бастап Президентке дейін халықтың мұң мұқтажын, мәдени парасатты түрде жеткізу. Көшеге шығып аттандап кеуде соғу емес.Әдет -ғұрып,салт-дәстүрімізді қалыптастыру.Тілді тұғырға тұрғызу. Артымыздағы үрім -бұтаққа үлгі болып,патриоттыққа тәрбиелеу».

«Мәуліт айы» – Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін, сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі. Осы күні пайғамбарымыздың рухына құран бағышталды.

Сәт мешітінің бас имамы Серік қажы ақсақал  әлеуметтік желі арқылы халқыма үнемі жақсы дұға тілек тілеп жүрем дейді. Бұл күні де ақ батасын барша қазақ еліне төрткүл теледидар арқылы жолдады.

СЕЙІТҚАЛИ ҚАЖЫ ЫБЫТАЕВ СӘТ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ