Халықты алдап, ақша жымқырған кезекті қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп–тексеру аяқталды. Өздерін «Капитал Мечты» деп атаған қаржы пирамидасы, салымшылардан түскен 1 млрд теңгеден астам қаражатты қалталарына басқан. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды. Қаржы пирамидасының басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық әрекет салдарынан жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді».