Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл.  Ауған асуында от кешіп,ерліктің ерен үлгісін паш еткен ардагерлер еліміздің ертеңі жас ұрпақпен тағылымды тәрбиелі кездесу кеш өткізді.

Тарихтың ақтаңдақ беттерінде  өзінің қаралы әріптерімен қалған  зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Ауыр аманат арқалап,қару асынып,қан кешкен ауыр жылдарды бастарынан өткерген ардагерлер Алматы облысы,Сөгеті ауылының тұрғындарымен,оқушыларымен өткен кездесулерін ауыл тарихымен танысудан бастады. Өз кезегінде қайсар жауынгер ардагерлер  қолтаңбаларын қалдырды. Жас ұрпақты елін жерін сүйетін азаматтар қылып тәрбиелеуде бүгінгі шараның маңызы ерекше екенін айтылды.

ЖҰМАТ ҚҰНАНБАЙ  АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

10 жылға созылған ауған соғысына  Қазақстаннан  22000 адам қатысып, олардың 924 — і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. Кездесу аясында қан майданда қыршын кеткен боздақтардың құрметіне бір минут үнсіздік  жарияланды. Өткен тарихтың куәгерлері бүгінгі ұрпаққа отты жылдарда бастарынан өткерген қиындықтарын жалынды әңгімелерімен өрбітті. Батыр ағаларына арнап ауыл жастары арнау арнады,ән-билерімен құрмет көрсетті. Ер қуаты — қару болса, ел — қуаты батырлары демекші Ауған соғысына да бұл ауыл екі перзентін аттандырған. Ауылының абыройын көтеруге атсалысып жүрген ардагерлер осы кездесудің бірден бір себепкері.

БАЙДАУЛЕТ ДӘРКЕНБАЕВ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

ӘБДІКӘРІМОВ СЕРІК АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Болашақ ұрпақтың тәрбиесіне атсалысып,елін жерін құрметтеуді,Отанды сүюге тәрбиелеп жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу,үлгі тұту борышымыз.