“Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек» деп  Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынұлы бекер айтпаған. Расымен кәсіптен,нәсіп тапқысы келетіндер алдымен білім алып,бір мамандық иесі болуы қажетті. Таңдаған салаңа салғырт қарамай ілім алсаң,нәтежие боларын өмірдің өзі көрсетіп отыр. 

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің “Оқу жайы” атты мақаласында “Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенін көріп тұрамыз” деп жазады. Алаш арыстары жастардың заманға сай білім алып, озық ойлы болуын армандады. Қазіргі таңда жастардың білімге бас қоюы күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отыр. Өздеріңіз көріп тұрған мына білім шаңырағында қоғамға қажетті,заманауи салаға жастарды даярлап келеді. Бүгінде бұл жерде 700-ден астам студент тәлім алады.Биыл, 400-ге жуық талапкерлерді қабылауға әзір.Бүгін ұстаздар ұжымы кішкентай бүлдіршіндерге есігін айқара ашып,саяхат жасауға мүмкіндік берді.

КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ АДИК ДИРЕКТОРЫ

Жазғы демалысқа шыққан балалардың бос уақытын құр өткізбеуді білім басқармасы қолға алып отыр. Жастарды осындай кәсіптік білімге бағыттап келе жатқан оқу орындарына жіберуде. Мұнда ұлттық аспаптарымызды жасау технологиясын көзімен көріп,қолымен ұстауда.Тіпті домбыра қаңқаларын жонып, уақыттарын тиімді пайдалануда.

НАЗЫМ ЖҰПТЫБАЕВ  АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ АДИК ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ

КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ АДИК ДИРЕКТОРЫ