Күн жылып, жердің тоңы жібіген кезде басталатын жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстары Алматы облысы,Балқаш ауданында қызу жүріп жатыр.Шаруагерлер алдымен бидай,қазір күріш дақылдарын себуде.

Іргесі 2001 жылы қаланған «Бірлік агрофирмасы» брендке айналған ақ күрішімен танымал.Бір ауылдың күн көрс көзіне айналған шаруашылық жыл сайын ерте көктемнен жер жыртып, жер анаға дән себеді. Диқандар 1360 гегтар жерге бидай, 1320 гегтарға күріш, 2800 гегтар алқапқа көп жылдық жоңыршқа еккен. Дала жұмыстарына 250 адам тартылған, маусымдық науқан кезінде жұмыскерлер саны 500-ге дейін өседі.Орташа жалақылары 250 мың теңгені құрайды.

АЛМАС ҚЫСТАУБАЕВ «БІРЛІК АГРОФИРМАСЫ» ЖШС БАСШЫСЫ

Жыл өткен сайын Іле өзенінің суы тартылып барады. Соның кесірінен күріш өсірудің көлемі азайып барады. Себебі, белуарына дейін суда тұруы тиіс күріш дақылы ылғалды қажет етеді. Жаздың шыжғырған ыстығынан күріштің тамырына су жетпей өнімділігі төмендейді.Бұл Балқаш ауданы диқандарының соңғы үш жылдағы негізгі проблемасы деуге болады. Десекті шаруашылық иелерін қуантып отырған негізгі мәселе, биылғы су деңгейінің сәл жоғарылауы. Осынау мүмкіндікті пайдаланып, тәуекелге барып отырған жайлары бар.

БАҚЫТЖАН СӘБИТОВ «БІРЛІК АГРОФИРМАСЫНЫҢ» БАС АГРОНОМЫ

«Бірлік Агрофирмасы» жұмыскерлерінің жалақысынан бөлек, жем-шөбі секілді маңызды мәселелерге ерекше мән беріп отырады.Сонымен қатар қайырымдылық шараларынан да кенде емес. Еліміздің әр аймағында орын алып отырған су тасқынын ерекше күйзеліспен қабылдап, қолдан келгенше гумманитарлық көмек жіберген.

АЛМАС ҚЫСТАУБАЕВ «БІРЛІК АГРОФИРМАСЫ» ЖШС БАСШЫСЫ