Көкшетау қаласындағы Застанционный шағын ауданында жолдың  мәселесі 10 жылдан астам уақыт шешілмей тұр. Жазда басталған жұмыс, әлі күнге дейін   аяқталмаған. Тұрғындардың шағымы әкімшілікке жетсе де, оң нәтижесі жоқ.  

Шағын ауданға өтетін көпірдің жолы жөнделген. Бірақ 12-13 метр биіктіктегі көпірдің үстіндегі жүргіншілерге арналған жолдың арасына қоршау қойылмаған. Оның үстіне бөгеттер де жоқ. Бұған қоса жолдың үсті де жарықтандырылмаған. Жаяу жүргіншілерге кешкі уақытта бұл жерде жүруге ешқандай мүмкіндік жасалмаған.

ЕВГЕНИЙ ГОРБУНОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Осы жолмен өтіп бара жатқанда жүк көлігіміздің есігі ашылып бөлшектер түсіп қалды. Міне, мына шұңқырдың үстінен өте бергенде. Жол мәселесі бірнеше жыл айтылып келе жатыр, істемейді. Жүру мүмкін емес. Міне, дәл қазір шығынға ұшырадық. Қалай төлейміз. Әкімдік қайда қарайды. Жазда басталған жөндеу жұмыстары. Әлі аяқталмаған.  Бұл жолда біреу көлігінің дөңгелегін жоғалтады, ал біреу апатқа ұшыраса не болмақ?».

Жол бойындағы мәселелер де аз емес. Зеренді көшесінде бір де бір жарық бағаны орнатылмаған. Бастауыш сыныпта оқитын бүлдіршіндерге кешкі уақытта үйге қайту қиын болып тұр. Жөнделген жол лай, жарық шамдары жоқ оған қоса жол белгісі де қойылмаған, деп шағымданды тұрғындар.

БЕКБОЛАТ ЖҮРІМБЕТОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Біздің қазіргі басты мәселеміз 1-ші жол. Жолды көріп тұрсыздар. Содан кейінгі мәселе көше жарығы. Свет жоқ. Дала қап-қараңғы. Жалғыз біздікі емес,бәрінде жарық жоқ.

Содан кейін бізге белгілер керек.Дәл қазір ол да жоқ, балаларға жүру қиын болып жатыр. Жол да айтылып жатыр, жарық та айтылып жатыр. Бәрі қалай тұрды солай тұр.Сосын біздің мына қоқыс,«Тазалықпен» жұмыс істейміз. Уақытылы төлейміз. Жасап кеткенін көріп тұрсыздар».

ЖЕҢІС ЖАНАТАЕВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бірініші мәселе осы жолдың тратуары. Міне, мәшине жүріп келе жатыр, кісілерге жүруге жол жоқ. Кешке балалар мектепке барады, мектептен қайтады. Сол тратуар жоқ. Күн тез батады».

Айтулы жағдайға байланысты жергілікті билік өкілдерінен сұрап көрдік.

ӘДІЛЕТ РАХЫМЖАНОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Лиза Чайкина мен Қасым көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мичурин бойымен 600 шақырым қашықтықтағы жердегі жұмысты аяқтау қалды. Қазан айының соңына дейін бітіреміз. Станиславский, Лермонтов көшелерінде орташа жөндеу жүргіздік. Өткен жылы Тұмар көшесіне қиыршық тастар төселген. Ол көше әлі жөнделмеді».

Застанционный шағын ауданына 2 қоғамдық көлік жүреді. Дегенмен, тұрғындар жөнделіп жатқан көпірдің салдарынан ол бұл жаққа жүруін қойған сияқты,-дейді.

САБЫР ИСАБАЕВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 

Ойлы-қырлы жолдан шаршаған тұрғындар жан айқайын айта-айта мезі болған. Шағын ғана орталықтың бір өзінде тұрғындардың наразылығын тудыратын 10-нан астам мәселе бар.  Жауапты мамандардың айтуынша 500 миллионға қонкурс жарияланған. Мердігерлермен келісім шарт жасалып жатыр дейді. Барлық мәселені жіті бақылауға аламыз, алдағы уақытта шешіледі деп сендірді.