Қосшы қаласының полицейлері «әскери билетті» заңсыз жасамақ болған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Нақтырақ айтсақ, аталмыш қала тұрғыны елордалық азаматқа әскери билет жасап беретінін және көлік құжаттарын рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Танысының бір ауыз сөзіне сенген астаналық оған айтылған қаражатты ойланбастан аударып жіберген. Бірақ, ол не құжаттарды әзірлемей, не ақшасын қайтармай ізім-ғайым жоқ болған. Алданғанын түсінген азамат полицияға шағым түсірді.
ГҮЛНӘР ПИНЧУК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ Ақмолалық қызметі үшін 260 мың теңге сұраған. Қазіргі таңда, бұл іс алаяқтық ретінде тексеріліп жатыр, күдіктінің жеке басы анықталды. Облыс тұрғындарын мұқият болуға шақырамыз. Ақша, құжат немесе басқа да ақпараттарды таратпауды, белгілі бір мәселені оңай шешіп беруге көмектесемін дейтіндерге сенбеуді сұраймыз .