Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетік жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау мәселелері бойынша отандық көлік-логистикалық бизнес өкілдерімен екінші рет кездесу ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты - отандық тасымалдаушылардың қордаланған мәселелерін талқылау.
Күнтізбелік жылдың басында ұйымдастырылған кездесу барысында ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті қазақстандық көлік-логистикалық компаниялардың өкілдерімен ашық кеңесте талқылау үшін халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушыларға шет мемлекеттерге кіруге мүмкіндік беретін рұқсат бланкілерін бөлу жүйесін реформалау жобасын ұсынған болатын. Бүгін осы мәселенің төңірегінде жауапты мамандарға сауалдарын жолдап, басты мәселелерін айтты.
ШАХРИЗАДА САРЖАНОВА ЖҮК КӨЛІК АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Просто біздің талабымыз таразы дұрыс жұмыс жасаса. Гос проверкадан өткеннен кейін ол таразы дұрыс жұмыс жасауы керек. Ал, егер дұрыс жасамаса оны өзгерту керек, өзгерту керек, бірдеме жасау керек қой оны. Күніне 400-500 машина өткен кезде ол жерде 3-4 күндеп машиналарымыз тұрып қалады. Бізде енді көп мәселе осы уақытқа дейін шешілді. 2022020213 жылдары біраз мәселе шешілді. Қалғанының барлығы нормаға келді. Енді сол таразыны реттеп берсе. Сосын, әр жүргізушінің қолына АКТ берсе. Баратын жеріне барғанша, соны көрсетіп еш проблемасыз өтіп кете берсе».
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті автокөлік құралдарының тасымалдау тарихы мен белсенділігі бойынша шектеулерді алып тастауға, нақты тапсырыс болған жағдайда кез келген отандық тасымалдаушыға бланкілерді беруге, және шешімдер қабылдау процестеріне бастамашылық жасады.
АЛТАЙ ӘЛИ ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Жыл бойына біздің жүйемізде дифицит болады. Нақты жүк тасымалдауға дайын адамға біз бланканы бере алмай отырмыз. Өйткені, бұл жүйенің қисықтығы белгілі бір адамдарға беріп қойып, олардан кейін кері ала алмаймыз, не олар өзгеге бермейді. Соның нәтижесінде қайта сату мәселелері туындап жатыр. Яғни, бұл карупциялық мәселелерді де туғызып жатыр. Қазіргі біздің ұсынып отқан жаңа жүйеміз, нақты кімде тауар бар, сол адамға біз шетелдік бланканы беріп, одан кейін ол азаматқа отыз күннің ішінде мемлекеттен шығып кету бойынша талап қойып отырмыз. Бұны біз «Беркут» ұлттық комитетімен жұмыс жасап жатырмыз. Интерграция бойынша ол азаматтың шыққан, шықпағанын қарап отырамыз».
Осы жүйенің нәтижесінде бүкіл бланкілердің барлық статистикасын қарап отыру мүмкін болмақ. Бұл мемлекет аралық келісімшартпен жүзеге асатын бланк. Оны осы жылдың ортасына қарай іске қосу жоспарланып жатыр. Келешекте әрбір азамат тауары шыққан жағдайда жүйеден бланканы алып, өзінің қалаған жағына бара алатындай жағдай жасауымыз керек дейді спикерлер.