Алматы облысының көрікті жерлеріне жеткізетін жолдың сапасы мүлдем сын көтермейді. Жалпы, еліміз бойынша автожолдардың хәлі тым мүшкіл. Себебі, не техникасы не тәжірибиесі жоқ компаниялар жол салуда. Салдарынан халық жапа шегіп жатыр. Осылай деген Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев, үкімет басшысына сауал жолдады.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Өңірлерде жүріп жатқан жол-құрылысында тиісті тәжірибесі жоқ компаниялар, бір күндік немесе басқа объектілерді салуда тәжірибесі бар, бірақ автомобиль жолдарын салуда тәжірибесі жоқ компаниялар келеді. Олар кейіннен қосалқы мердігерлер ретінде жолдарды жөндеуде,салуда үлкен тәжірибесі бар компанияларды тартады. Осы қалыптасқан үрдіс айтарлықтай кедергі келтіріп отырғаны анық. Осы орайда, тапсырыс берушілердің талаптары заң бойынша қарастырылмайды және мердігерлерге шарттық міндеттемелерді орындау немесе кемшіліктерді жою үшін мерзімдер береді. Аталмыш кемшіліктерді пайдалана отырып, жосықсыз мердігерлер мемлекеттік сатып алуларға қатысуды және конкурстарда жеңіске жетуді жалғастыруда. Осыған байланысты, Сізден ҚР Қаржы министрлігіне электрондық депозитарийді дұрыс жүргізу бойынша бақылауды күшейтуді тапсыруыңызды сұраймыз, өйткені көптеген компаниялардың расталған жұмыс тәжірибесі сатып алу нысанасына сәйкес келмейді, осылайша объектілерді салу мерзімдері үзіліп, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалуда».