Бүгінде мал ұрлығы әрбір шаруаның мазасын алған мәселеге айналды. Осы орайда Қызылорда өңірінде ұрлықтың алдын алу мақсатында полицейлер бірқатар шараны қолға алды.

Ұрлықтың  басым бөлігі өрісте қолды болған немесе иесіз жүрген малды сойып алып кететін жағдайларда орын алған. Мал ұрлығы тіркеліп, кейін ең далада табылды деген деректер де аз емес. Осыған байланысты 27-29 қараша аралығында облыс аумағында мал ұрлықтарының алдын-алу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың бірлесуімен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

САХИ КҮШЕРОВ  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД КПБ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:  «Тексеру жұмыстары қаламыздағы мал базарынан бастау алды. Көліктерге тиелген ірі қараларды тексеру барысында құжатсыз мал тасымалдаған 9 тұлға анықталып, Әкімшілік Кодекстің 406-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды».

Бүгінгі күнде дәл осындай жүргізілген тексеріс жұмыстарының арқасында облыс аумағында мал ұрлығының тіркелуі 45%-ға азайып, істі ашу көрсеткіші 30%-ға жақсарған дейді мамандар.

АЗАМАТ САХИТ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері халыққа жайылымдағы малды қараусыз қалдырмай, меншіктегі малды құжаттандыруын,таңбалау және JPS құрылғыларын орнату керек екендігін ескертеді.