Маңғыстау облысында ер адам дүйім жұрттың көзінше әйелін өлтірмек болды. Оқиға Мұнайлы ауданында болған. Күдікті келіншегін суық қарумен жаралап, қансыраған сәтте тепкінің астына алды. Тіпті айналасындағыларды көзге қыстырмаған. Шұғыл жеткен тәртіп сақшыларына да бағынған жоқ. Оқиғаның мән жайы келесі бейнематериалда.
Жаға ұстатар жағдайдың қалай болғанын сол жердегі кездейсоқ куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Видеожазба әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Күдікті қолындағы пышақпен айналасындағыларға тап беріп, әйелін сол жерде пышақтап, артынша соққының астына алған. Көпшілік тоқтатпақ болып еді, қолдарынан түк келмеді.
ІЛИЯС ЖҰМАҒҰЛОВ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жұбайына пышақ салу дерегі бойынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Кісі өлтіруге оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші медициналық мекемеде. Тершеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Келіншек бірден ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөлімінде бірнеше ота жасалып, жаны аман қалып отыр. Тіпті дәрігерлер 2000-шы жылғы әйел жүктіліктің оныншы аптасында екенін анықтаған
МАУЛЕН ЖҰМАДИЛЛАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ
Қазіргі таңда ота жасалып, жан сақтау бөлімінде. Ем шараларын алып жатыр. Жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Өткізілген отаның көлеміне байланысты, алған жарақаттарының көлеміне байланысты. Науқас толықтай есін біледі. Әзірге ем шаралар жүргізіледі. Келгеннен кейін науқасты УЗИға түсірдік. Гинекологтармен қаралды толық. Баланың жүрегінің соғысы бір қалыпты.
Ер адамды жедел жасақ ұстады. Уақытша ұстау изоляторында. Сондай-ақ, қылмыс болған сәтте, уақытында күдіктіні ұстамаған тәртіп сақшыларының жұмысына қатысты тексеру жұмыстары жүргізіледі.