Маңғыстау облысының бір топ тұрғыны ыдыс-аяқ сатып пайда табамыз деп, қарызға белшесінен батты. Айналасындағыларға миллиондаған берешегі барлар өз шағымдарын айтты. Сюжет көрейік.

Мына жиналып тұрғандардың мәселесі ортақ. Жанар Әбенова 2021 жылы Қытайдан әкелетінетін ыдыстарды сату арқылы пайда көргісі келген. Тауарды жеңілдікпен сатып алу үшін көбірек сатып алушы тартуы керек болған. Сөйтіп ол үш мыңға жуық адам жинап, оларға керегін алып беруге келіскен. Соңында бармақ тістеп қалды. Ақшада, тауарда жоқ. Ал қаражат салғандар одан ақшаларын қайтаруды талап етіп, қысым көрсетіп жатқан көрінеді.

ЖАНАР ӘБЕНОВА - ТҰРҒЫН

Саудада 20 жылдан бері жүргенін айтты. Сосын біз сендік. Себнбі тауар келіп жатты. Сол анау чатында. Содан мен ол чатта түскен фотоларды өз чатыма сала бастадым және сол жердегі қыз-келіншектер маған сенім артты. Ол жерде менің таныс тамырым, ағайын-тумам маған сеніп заказдарын берді. Айналғанда мынау. Енді бізді халық түтіп, ауыздарына келгенін айтып жатыр. Ақшаларын сұрап жатыр. Біз халықтың аманатын салып жіберіп отырмыз бұл жерде. Біз алаяқ емеспіз».

НҰРЧИХАН АТАБАЕВА - ТҰРҒЫН

Халықтан ақша жинадыққо біз, арзан ыдыс деп. Халық бізді қояр емес. Әр айда пособиямызды бөліп береміз. Жетпегендер үстіңнен арыз жазамын, машинаңды өртеп кетемін, сөйтемін, бүйтемін деп қорқытады кейбіреулері. Халық бізді түсінуін сұраймыз. Бізге ақшаны қалай салса, бізде Нұргүлге дәл солай салдық.

Өңірдегі Полиция Департамен бұл мәселеден хабардар. Тіпті бұл схеманы ұйымдастырған күдіктілерді ұстап, тергеу амалдарын жүргізіп жатқандарын айтты.

 ӘЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА  МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Полицияға арзан ыдыс-аяқты алып беруге уәде беріп, жәбірленушінің ақшасын алаяқтық жолмен иемденген әйлге қатысты шаралар қабылдау бойынша 200ге жуық арызданушы жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын соммасы 3 млрд теңгені құрайды. Бұл дерек ҚР ҚК190-шы бабы, 4-ші бөлігі алаяқтық аса ірі мөлшерде МО ПД тіркелген. Қазіргі уақытта 39 жастағы әйел адам тергеу изоляторында, қамауда.

Сауда-саттықтан адал табыс табамыз деп алданып, абыройсыздыққа қалдық деген тұрғындар барлық жиналған қаражатты өндіріп алу - соңғы мүмкіндігіміз, дейді. Ал, әзірге қылмыстық істің аяқталуын және сот шешімін күту ғана қалды.