Маңғыстауда кене көбейіп,зардабын түйе шаруашылығына тигізіп отыр. Кененің кесірі бірнеше ботаның өліміне әкелген. Мәселе жайлы алдағы материалда.

Қуаңшылықтың әсері ме,жылдағымен салыстырғанда кене биыл тым көбейіп кеткен. 
Шаруалар қолдарынан келгенше қораларды тазалап, түйелердің жүнін қырқып, өз бетінше улап әлек. Алайда, нәтиже шығар емес.

ЕСБОЛ ЕСТҮРЛИЕВ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ: «Менің шығыным, 5 бота болып отыр. Бәрінің айтатыны осы көк кененің әңгімесі. Үкіметтен көмек болмаса, бізге қиын болып тұр. Бізге тек улап беруіне көмектессе деймін».

Шаруалар малдың жүнін қырқып, жылына бір рет паразитарлық ауруларға қарсы ерітіндіге тоғытулары қажет дейді облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасы басшылары.

БЕРДІБЕК МАРҚАБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Әр кәсіпкер паразитарлық ауруларды болдырмау жағдайында шараларын алуға міндетті. Ал, біздің тарапымыздан тек қана жұқпалы ауруларды болдырмау бойынша, профилактикалық-диагностикалық іс-шаралардың қызметін атқарамыз».

Сондай-ақ қораларды дезинфекциялау маңызды.