Күні кеше Қазақстан мектептерінде мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылған еді. Алайда, қанша ескертілсе де аталмыш кеш тыныш өтпеді. Маңғыстауда мектеп түлектері топ болып төбелесті. Мына кадр Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында түсірілген. Сөзге келіспей қалған оқушылар жаға жартыса төбелесіп, бір-біріне тас атып жатыр. Оқиғаны полиция департаменті де растады. Жаппай төбелестен кейін түлектер мен олардың ата-аналары үндеу жасап, қазақстандықтардан кешірім сұрады.
«Ешқандай да бір баланың басы жарылып, көзі шығып болған жоқ. Бас аяғы 5-10 секунд ішінде келіспеушілік болды, ата –аналар да мұғаімдер де болдық. Ішкі істер министрлігі де болды. Ешқандай жарақат алған жоқ. Уақытымен өз жөндерімен кетті. 25 соңғы қоңырау болады дегенге дейін мұғалімдер тарапнан, ішкі істер министрлігі тарапынан, әкімшілік тарпынан айтылды, жиналыстар болды, ескертулер жасалып жатыр. Мұғалімнің де, ішкі істер министрлігінің де кінәсі жоқ. Кешірім сұраймыз».