Маңғыстаудағы «Бекі-Басқұдық» су құбырының жыры әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қаржы бөлініп, құбырларын жүргізу жұмысы аяқталсада кейбір жерлерден ақау шығып, игі шаруа аяқсыз қалып тұр. Өңірге іссапармен барған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров пен ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов мәселенің мән жайымен танысып, шешу жолдарын айтты.
«Бекі-Басқұдық» су құбырын қайта құрылымдауға республикалық бюджеттен 273 млн теңге, жергілікті бюджеттен 42 млн теңге бөлінген. 315 млн қаражат толықтай игерілгенімен,алайда су жүйесін іске қосқанда, 7 шақырым құбырдың бойында ақаулар пайда болып, материалдар жарамсыз күйде қалған. Енді оны қалпына келтіру үшін тағы екі жыл уақыт керек, - дейді вице-министр Ерболат Ибрайханов.
ЕРБОЛАТ ИБРАЙХАНОВ – ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Бұл жерде енді жалпы саясат министрліктікі. Ауыз су мәселесі ол жергілікті атқарушы органда болу керек. Сондай саясат барлық жерде болып жатыр. Бүгінгі таңда біз екі группавой водоводымызды беріп жатырмыз. Бұл енді долго строй болған. 2012-ден бері проблема болып келе жатқан обьект. Біз халықтың жан айқайын түсінеміз. Сондықтан, бүгін осындай шешімге келіп отырмыз».
Ұлы жолды жағалай орналасқан Бекі ауылында 400-ге жуық тұрғын бар. Қазір ауыз суды тасымалмен ішіп отыр. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаровтың айтуынша аталмыш проблема қадағалауға алынған. Жергілікті биліктің бақылауында екенін айтты.
БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Мына судың жарылуына байланысты 7 км мәселесін шешу тұр. Жалпы қазіргі кезде бір оңай шешімі бар оның, біз барлық осы жерде тұрған су жүйесін мына жергілікті атқарушы орган балансына беру жөнінде. Себебі мәселе тез шешіледі. Ол мәселе қазір өзінің шешіміз тез тауып келе жатыр. Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетте қазір бұл мәселе жатыр. Жақын арада біз шешіледі деп ойлаймыз».
Кеткен қаржының да сұрауы бар. Министрлік сол сапасыз құбырды төсеген мердігер мекемеден жауап алу, кеткен олқылықтың орнын толтыру үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.