Маңғыстаудағы Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Ақаршын Жұпбаева әділдік іздейді. Жарты жыл бұрын күйеуі қайтыс болған ол, жол-көлік оқиғасы бойынша соттың әділ шешімін әлі күтіп жүр. Әйелдің айтуынша, құзырлы органдарға екі рет хабарласқан, алайда қанағаттанарлық жауап алмаған. Енді не істерін білмей дал болуда.
Жарты жыл бұрын Сайын Шапағатов ауылының жол қиылысында жол көлік оқиғасы болған. Дәл сол кезде Ақаршын Жұпбаеваның жұбайы Үсембай Қызылғұлов бірнеше жерден жарақат алып, ауруханаға жеткізіледі. Алайда арада бір ай өткенде ол ауруханада жан тапсырады. Ақаршын Жұпбаеваның айтуынша жұбайы жұмыс істейтін мекемесінен қызмет уақытынан тыс кезде тапсырма алады. Азамат сол тапсырманы орындау кезінде қаза болған. Алайда осы уақытқа дейін жолдасы қызмет еткен мекеме басшылығы Үсембай Қызылғұловтың жақындарымен байланысқа шықпаған.Оқиғаға кінәлілерді анықтау үшін Ақаршын Жұпбаева құзырлы органдарға арыз да жазған. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ дейді.
АҚАРШЫН ЖҰПБАЕВА МАРҚҰМНЫҢ ЖҰБАЙЫ
Әділдік іздеген Ақаршын Жұпбаева осы істің ақ-қарасын анықтау үшін облыстық еңбек инспекциясына да өтініш білдірген. Ол бойынша инспекция мамандары кәсіпкерлік кодекске сай жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде Ақаршын Жұпбаеваның уәжі дәлендеген. Оқиға бойынша арнайы тергеп тексеру жұмыстары басталып кеткен.
МҰХТАР САНСЫЗБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ
Қазір адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал Ақаршын Жұпбаева болса жұбайының өліміне қатысты істің ақ қарасы әділ шешімін табуы үшін барымды саламын дейді.