Қошқар ата қалдықты көліндегі жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстары шала дейді Маңғыстаудың қоғам белсенділері. Жұмысты қайта қолға алғандар қоғамдық тыңдау өткізген. Алдағы бейнематериалға назар аударсақ.
2017 жылы "Қошқар-ата" қалдықты улы көліне арнайы жоба бекітілгенімен, ондағы рекультивациялау жұмысы қазір де өзекті болып тұр. Бұған арнайылап 2020 жылы республикалық бюджеттен 19,5 млрд теңге бөлінген. Бірақ, жұмысшылар жұмысты бір жылдан кейін ғана бастап, аяқсыз қалдырған.
РҮСТЕМАБАД АЙДАРХАНОВ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:«Себебі 2022 жылы жобаға біз араласып бастадық. қоғам белсенділері болып, қоғамдық кеңес мүшелері болып, депутаттар бар,осындай бір кемшіліктерді анықтадық. Бейне, видеофиксацияны жасағаннан кейін арнайы тексеріс басталды. Енді арнайы тексерістің нәтижесін күтіп бастағанда 2-3 айдан БАҚ-тан ол жұмыс кемшіліктіерді анықтағанан тоқтаған жоқ, жобаға өзгеріс енгізу керектігніне тоқталды деп хабарланды».
Тоқетері – жұмыста шикілік көп. Қоғам белсенділері белсенділік танытып шағым түсіргенімен, шаруаны шеше алмаған.
ӘСЕЛ БАЛМАНОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Басқармамен 262 гектар жер қабылданды. Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті 2022 жылдары тексеріс жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде Қошқар-ата рекультивация жүргізу құмына ұсыныстар айтқан болатын. Ол ұсыныстар толығымен мердігер компанияға берілді. Және де жобаны жасақтау барысында толығымен ескерілді».
Бірақ, белсенділер "Павлодар өзен портына" жобаны бермеулерін өтінеді.
РҮСТЕМАБАД АЙДАРХАНОВ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: «Себебі Қошқар ата улы көлінің қасында орналасқан сазды карьерден алынатын құмды алмай, қасындағы қара топырақ пен сексеулді екі бульдозер жалдап сонымен ысырған мекемеге әрине біз күмән тудыртамыз».
Уақытты біз күткенмен, уақыт бізді күтпейді дейді белсенділер. Күн өткен сайын бөлінетін уытты қалдықтар ауаға тез тарап барады.
ӘСЕЛ БАЛМАНОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:«Жалпы бұл жобаның жүзеге асырылуына 19,5 млрд теңге қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда жобаны қайта жасақтау және кооректировка енгізуінің нәтижесінде жобаның құны 51,8 млрдқа өсіп отыр. Ол ретте СМР-ге, жанар-жағармай және жұмысшылардың жалақысы есептелген».
Мамандар ендігі мердігердің жұмысы мардымды болатынына және екі жылда толықтай залалсыздандыру жұмыстары бітетініне сөз берді.