Маңғыстауға эвакуацияланған атыраулықтар үшін, мемлекеттік материалдық қордан көмек келді. 240 тонна азық-түлік пен кереует, төсек-орын жабдықтары 14 вагонмен жеткізілді. Көмек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, материалдық резервтен бөлінді. Азық-түлік арнайы қоймаға жиналып, қалған заттар индустриалды паркке жіберілді. Енді ол эвакуациялық пункттерге таратылады. Қазір аймақта Атырау облысынан эвакуацияланған 20 мың адам бар. Оның 2 мыңға жуық тұрғыны арнайы уақытша орналастыру пункттерінде.
ПІКІР САНСЫЗБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мелекеттік материалдық қордан 240 тонна азық-түлік тауарлары өнімдері келді. Оның ішінде 180 тонна 1-сортты ұн өнімдері. 4 тонна макарондар, 12 тонна қарақұмық жармасы және өзге де тауарлар. Бұл тауарлар эвапункттерге қабылданған өзге облыстардан келген адамдарға арналған. Қазіргі таңда облыста азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген».