"

Бүгін Абай атындағы ҚАЗҰПУ-де биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік күні өтті.  Шара барысында факультеттер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, талапкерлерге мамандыққа қатысты барлық сұрақтарға жауап берілді.Сондай-ақ  Ашық есік күнінің ресми бөлігінде Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тілеп, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары – 140 балл жинаған Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Толқын» орта мектебінің түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы арнайы марапатталып, естелік сыйға ие болды.

АЛМАС НАЙМАНБАЕВ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ КӘСІБИ БАҒДАР ЖӘНЕ МАНСАПТЫ  ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ