Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміз бойынша кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткен алдын алу шаралары туралы мәлімет берілді.Бұдан бөлек,Президентке құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеушілік» және жазаның бұлтартпастығы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау,интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ