Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды. Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев іс сапары аясында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдерге биылғы алғашқы сапарын Еуропадан бастап отыр.