"

Соңғы екі күн ішінде 70-тен астам қазақстандық азамат Ираннан шығуға жәрдем алған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Атап айтқанда, Иранда іссапарда жүрген алты қазақстандық азаматқа Әзербайжан аумағы арқылы елге оралуға көмек көрсетілді, – деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, 2025 жылғы 15 маусымда Қазақстанның 68 азаматы, оның ішінде дипломаттардың отбасы мүшелері, экономикалық ынтымақтастық ұйымының хатшылығында іссапармен жүрген қазақстандық мамандар, сондай-ақ Иранда қызметтік сапармен болған өзге де азаматтар Түрікменстан арқылы елден шығарылған. Айбек Смадияровтың айтуы бойынша Азаматтарымыз алдағы күндері Қазақстанға оралатын болады. Ирандағы Қазақстанның шетелдегі мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.