"

Мефедрон сияқты синтетикалық препараттың 1,5 грамын өткізгендер 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұндай жазадан студенттер мен мектеп оқушылары бейхабар. Сондықтан, полиция Қазақстандағы барлық ЖОО-ның  жатақханаларында рейд өткізеді. «Жастар есірткі сатушылардың оңай олжасына айналды»,- деген Ішкі істер министрлігі ақпараттық түсіндіру жұмыстарын алдымен студенттерден бастамақ. 

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ ҚР  ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қалаға келген студенттер мен жасөспірімдер есірткі диллерлерінің оңай олжасына айналады. Тәуелсіз өмірді бастай отырып, бос уақытында ақша табуға тырысып, жастар кез келген заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілікті әрдайым біле бермейді. Ішкі істер министрлігінің міндеті – әрбір оқушы мен студентке осындай “табыстың” салдары туралы ескерту. 16 жастан бастап, барлық есірткі әрекеттері үшін толық жауап беруге тура келеді. Есірткі жасырушылар немесе курьерлер 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алады. Интернетте есірткіні жарнамалау, насихаттау, белгілі бір есірткі туралы форумдарда оң пікірлер үшін жаза 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді».