"

Міндетті әлеуметтік сақтандыру арқылы халыққа тегін ем көрсететін  жеке меншік күндізгі стационарлар жабылуы мүмкін. Оған себеп: денсаулық сақтау министрлігінің 106 бұйрығы. Бүгін республикадағы барлық медициналық орталықтың басшылары Астанаға жиналып, бұл бұйрыққа қарсы екендіктерін айтты. Егер, халықтың денсаулығын нығайтамыз десек, бұл норманы қабылдамау керек. Әйтпесе, ел азаматтары қолжетімді ем ала алмайды, ал білікті мамандар болса жұмыссыз қалады дейді.

КҮЛЗИНА МҰТАЛИЕВА ЖЕКЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Көп науқастар қиналатын түрі бар. Біздің кардиологиялық күндізгі стационарда жүрек инфаркпен ауырған кісілер, шунтирование операциялар болған кісілер келіп ем алады. Емнен кейін қайтадан өз дәрігеріне жібереміз. Еш жерде басқа жерде ала алмайды. Өйткені тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда қазір өте қысқа уақыт жатады. 5-6 күн. Екі-үш күн реанимацияда, екі-үш күн палатада содан кейін үйге шығарып жібереді. Поликленикаға барады. Онда өздеріңіз білесіздер кардиолог, невролог деген мамандарға киямет. Түсу қиын. Бізге закуп бермесе 106 бұйрыққа сай пациенттер оларда ем алмағаннан кейін қайта инфаркт болуы мүмкін, жүріп кетуі мүмкін, асқыну көп болады, өлім көп болады және біздің медициналық қызметкерлер жұмыссыз қалады әрине».

Бір топ медициналық орталықтың басшылары бас қосқан жиында Денсаулық сақтау министрлігінің маманы да болды. Оның сөзіне сенсек, бұл норма әлі күшіне енбепті. Ашық талқылау жүріп жатыр. Егер көпшілік қарсы болса, бұйрықты қайта қарауға дайынбыз деді министрлік өкілі.