Том-томдаған отты жырларымен қатар,Үш бақытым деп Отанды,тілді,дінді жырлап өткен ақиық ақын,қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатевтың тағылымды жырлары тәрбиенің түп тамыры іспетті. Ғасыр ақынының туылған күні қарсаңында шығармаларын  өскелең ұрпақтың  жүрегіне ұялату арқылы елін сүйіп қастерлеуге, ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңіліп, рухани танымын кеңейту мақсатында поэзия кеші өтті. Шара аясында мәңгілік маржан мұра мәнерлеп оқылып,ақынның сөзіне жазылған туған жер жайлы әндері де шырқалды. Тәрбие тал бесіктен деген даналы тәлімді ескерсек ақын жырлары болашақ ұрпақтың қастерлеп қадірлейтін алтын қазынасы.

ЖАНАР ҚОЖАБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 179 БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ