Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстату және пара алды деген күдікке ілінді. Айтулы ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады. Комитет Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабы 3-бөлігіне сәйкес Мәсімов прокуратураның санкциясымен қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторына қалдырылғанын айтты.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес кодекс, соталды тергеп-тексеру материалдары жарияланбайды", - деп толықтырды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.