Наурыз айы. Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Григориан күн есебінде де, жылдың алғашқы айы есебінде де күн мен түннің ұзақтығы теңеседі. Сол себеппен наурыз жыл басы болып саналған. Сонымен бірге қыстың соңы, көктемнің басы. Күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайды. Сондықтан, жылдың құт мезгілі есебінде де наурызға бүкіл халық аса құрметпен қарап, оны есте қаларлық қасиетті ай санаудың басы етіп алған. 

Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік мәні бар.Айтулы шараны Алматы облысына қарасты Аққайнар ауылының тұрғындары ерекше ықыласпен атап өтті. Шағын ғана ауылдың азаматтары тайлы тұғына дейін жиналып, бірін-бірі құттықтап жатты.

БЕРДІҒҰЛ ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Ауылдың атпалдай азаматтарының қолдауымен қолға алынған мерекелік шара тартымды өтті. Сахна төрінде эстрада жұлдыздары мен ауылдың алты ауыздары ән салды.Сонымен қатар салауатты өмір салтын жаңғырту мақсатында спорттық сайыстар ұйымдастырылды.Көпшіліктің көңілін көтерген шараға ерлерден бөлек, нәзік жанды аналарымыз да қалыс қалмады. 

БАҒДАТ БЕКТАСОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Наурыз парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Қазақтар бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп те атайды. Мерекенің басты тағамы - жеті түрлі қоспадан дайындалатын наурыз көже. Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңелуі кезіне келеді. Әз наурызды ықыласпен қарсы алған Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округінің азаматтары деуге болады. Ұлттық ойындарымыз салтанат құрды.

АРМАН ҚАМАЛБЕК, ІРГЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ