Төлеу мерзімі өтіп кеткен кредитті жабу үшін халық одан да жоғары пайызбен несие алады. Міне, бұл дабыл қағарлық жағдай. Осылай деген Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қарызға белшесінен батқан халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруда жұмыс істемей отырған жауаптыларды сынады.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен бата береді. Банк кредит беруден бас тартқан жағдайда, олар пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді. Осылайша, адамдар қаржылық сауатының төмендігінен жағдайын қиындата береді».
Үкімет басшысының дерегінше, 1-ші қыркүйектегі жағдай бойынша банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі – 9,2 трлн теңге. Бұл орайда, бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері шамамен 1,5 млн теңгені, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша – 1 млн теңге.