«Төбемізден сорғалаған тамшы үйімізді көл-көсір суға батырды». Орал қаласының Украина 4 көшесіндегі үй тұрғындары қысты күні де, күн сәл жылыса төбеден аққан тамшыдан көресіні көріп отыр. Қолдарына шелегі мен шлапшынын алып, тамшы тосқан жұртшылық жайлы толығырақ тарқатсақ.

1985 жылы қабырғасы қаланған ғимараттың жөндеу көрмегеніне талай жылды жүзі болған. Бар дүниесін жиыстырып, судан қорғау үшін кленкамен қаптап қойған тұрғындардың тірлігі адам аярлық.

ЕВГЕНИЙ ДОЛЕВКИН ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «2 жыл болды біздің арыз-шағым жазғанымызға. Бір жауап келмеді. Біз «Альфа» ПИК-не қараймыз. Олардан да келіп кетер көмек болмады. Модернизациялануға берілген, алайда қанша жыл болды осы жерде тұрып жатқанымызға. Бірі келіп төбемізді қарап кеткендерін көрмедім. Аяқтай барып та айттық, бірақ ешбір жерден жауап болмады».

Әр бөлмеде тамшы астына қойылған ыдыстарға жарты сағатта су толып, ауыстырып отыруға тура келеді. 9 қабатты үйдің қылтимасы да қақырап тұр. Тұрғындардың жай-күйін көріп, арыздарын тыңдап, сол мекенжайға жауапты пәтер иелері кооперативі қызметкерлерін іздеп, жұмыс орындарына бардық. Олардың берер жауаптарды баяғыша жаттанды.

СӘРСЕНБАЙ ҚАЖЫҒАЛИЕВ «АЛЬФА» ПИК ТӨРАҒАСЫ

Күзден жұмыс көктемге қалыпты-мыс. Енді сағызша созылмай осы жылдың жарты жылдығында тұрғындардың тілеуі орндалады деп үміттенеміз.