"

Оралда 2 азамат жалақысы жоғары жұмысқа орналастырамын деген алаяқтың арбауына түскен. Атырау қаласындағы компанияға орналастыру үшін қажетті медициналық анықтама, сақтандыруды жасап беремін деген айлакер қылмыскер -  жәбірленушілердің басын әбден айналдырыпты. Жалпы үстіміздегі жылдың жартыжылдығында Орал қаласында 374 алаяқтық дерегі тіркелген. Оның 200-ге жуығы әшкере болған. Күрес шараларына қарамастан алаяқтық азаймай тұр. БҚО ПД күмәнді қоңыраулар мен ұсыныстарды қабылдарда сақ болуға шақырады. 

АЛИМА ГАРИФУЛЛИНА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Осы факті бойынша Орал қаласы Зашаған ПБ қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде бұрын сотталған 1986 жылы туған қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Іс сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізілді. Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір зардап шеккендердің кімдер екені анықталуда».