Оралдағы Бортау ауылының тұрғындары жарыққа жарымай отыр. Екі күннің бірінде электр жарығы өшіп, ауыл халқын әбігерге салып келеді. Тіпті өткен аптада мектепте электр көзінің жиі ажырауына байланысты оқушылар онлайн режимде оқытылған.

Орал қаласының Зашаған кентіне қарасты Бортау ауылында 800-ден астам тұрғын бар. Мұнда халықтың тұрмысына аса қажет инфрақұрылым жүйесі, әлеуметтік нысандар жұмысы ақсап тұр. Тұрғындардың айтуынша, биыл электр желісінің сапасы тіптен нашарлаған. Соның салдарынан балабақша мен білім ордасында оқу процесі бірнеше рет тоқтаған. Ішкі жолдың жайы да мәз емес. Балалар қираған ойын алаңын місе тұтып жүр. Амалы таусылған қараша наразылығын білдірді.

АЛЬФИЯ ҒҰМАРОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

ТІЛЕК МОЛДАГЕРЕЕВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Бортауда электр желісі мен жол жауыр болған мәселе. Ызаға булыққан ауылдықтар әкімдік өкілдеріне көкейдегі сұрақтарына жауап беруді талап етті. Азаматтармен кездесуге Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубекеров келді. Оның айтуынша, әкімдік бірқатар коммуналдық мәселеден хабардар. Ал шара қолдану мүдделі басқарма мен бөлімдердің құзырында.

Облыстық энергетика басқармасы келтірген мәліметке сүйенсек, өңірде 04-220 кернеу аралығындағы 20 мың шақырымдық желі бар. Электр желілерінің тозуы 82 пайызға жеткен. Яғни, мұндай проблема өзге ауылдарда да кездеседі. Қандай да бір шара қолдануға заңнама талаптары қолбайлау болып отырған көрінеді. Ал Бортау ауылына қатысты арнайы жоба қарастырылмаған. Құзырлы органдарда электр торабын ауыстыру мүмкіндігі жоқ. Сондықтан жыл сайын ағымдағы жөндеумен шектеліп отыр.

МИРАС МҮЛКӘЙ БҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ұсыныс бойынша заңнамаға өзгеріс енгізу 2024 жылдың І тоқсанына жоспарланыпты. Бөлім басшысының айтуынша, Бортаудың жолы алдағы жылы жөндеуден өтеді. Жоба құны 330 млн теңгені құрайды екен.

АЗАМАТ ХАЛЕЛОВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Білім беру бөлімінің баспасөз қызметкері мектепте электр жарығы мен жылудың болмауына байланысты оқушылар онлайн оқуға көшірілген кездер болғанын растады. Бұған дейін жарық ажыраған жағдайда қосымша генератор қолданылып келген.