Оралдықтар жолаушы көлігі ақысының қымбаттауына наразы. Жаңа жылдан бастап қоғамдық көлік жолақысының бағасы күрт өспек. Онсыз да қымбатшылық қалталарын қаққан халықтың билікке өкпесі қара қазандай.
Оралдықтар үшін 2024 жылдан бастап жолаушы көлігіне қолма-қол ақы 200 теңге болып өзгереді. Ал кюар код арқылы шағын шаһар тұрғындары қазіргі 80 теңгенің орнына 100 теңге төлейтін болады. Кілең есігі жабылмайтын, іші суық, лас, әрі тозығы жеткен автобустарға мұндай ақы төлеу ақылға сыйымсыз дейді халық.
Осыдан бірнеше ай бұрын жол жүру ақысын 120 теңгеге дейін көтеруді сұраған жолаушы тасымалдаушылар өз шығындары шаш етектен екенін алға тартқан еді. Бірақ әкімдік сұранысты толық қанағаттандырмай,100 теңге қылып бекітіпті. Ал тұрғындар бұндай өсім біздің табысымыз бен қызмет сапасына сай келмейді дейді. Көпшілікке басу айтқан мамандар өзгеріске сай қауіпсіздік талаптары да ескерілетінін айтады.
МИРЖАН ШАМУРОВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
Айта кетейік, қазір алып шаһар Алматы қаласында жолақы құны Оралдағы тарифпен теңескелі отыр. Ал Астанада қоғамдық көлік ақысы жаңа төлем жүйесімен 90 теңге болса, қолма-қол 180 теңге. Осы орайда шағын ғана Орал қаласында бағаны шарықтату жан-жақты талданбағандықтан, халықтың наразылығын тудырып отыр.