"
Денсаулық сақтау министрлігінің қымбат орфандық препараттарды мемлекеттік қамтамасыз етуден алып тастау және оларды қайырымдылық қорларына беру жөніндегі ұсыныстары туралы мәселе қоғамда дау тудырып тұр.
БАҚЫТ МӘДЕНИЕТҚЫЗЫ ҚР ОРФАНДЫҚ АУРУЛАРМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Бүгінде орфандық ауруы бар науқастар үш қаржыландыру көзімен қамтамасыз етілген. Бұл орталықтандырылған, жергілікті сатып алу және Қазақстан халқы қоры. Шын мәнінде, бұл үшеуі де жалпы орфандық ауруы бар науқастардың қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Мәселен, облыстық бюджетте қаражат жоқ болса, науқас дәрі-дәрмексіз, басқа көздерден қамтамасыз ету кепілдігінсіз қалады».
Сондай ақ, спикер өз сөзінде Қазақстан халқы қорындағы жылдық бюджетте 30 млрд теңге бекітілген. Бұл шамамен тек 400 науқасқа ғана жеткілікті сомма. Ал, тіркелмеген науқастарға қордан қосымша қаражат қарастырылмағанын, яғни ондай науқастар мемлекеттің қолдауынсыз қалып кетпегін атап өтті. Сонымен қатар, орфандық ауруға шалдыққан Елена Вогоновада билік өкілдеріне өз уәжін жеткізді.
ЕЛЕНА ВОГОНОВА МИАСТЕНИЯ НОЗОЛОГИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ БЕЙРЕСМИ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ: «Құрметті, Ақмарал Шәріпбайқызы! Біздің дәрі-дәрмектің құны қатты қымбат емес. Басқа зауыттар ұзақ жылдар бойы науқастарды сол дәрімен тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді және оларда дәрімен қамтамасыз етуді алып тастау мәселесі жоқ.Біздің денсаулығымыз бен өміріміз сіздің қолыңызда! Бізді науқас ретінде тыңдауыңызды сұраймыз. Біз қоғамның толыққанды мүшесі бола аламыз. Біздің толыққанды өмір сүру құқығымыздан айырмауыңызды сұраймыз».