4 жылда бір рет ұйымдастырылып отыратын drupa халықаралық көрмесі биылғы жылдың 28 мамыр мен 07 маусым аралығында Германияда аумағында өтеді. Әлемдік мәні бар шараға қызу дайындық шарасы басталып кетті.Бүгінде көрмеге қатысушыларды шақырту мақсатында бір қатар делегация өкілдері Алматы қаласына келді.

Друпа полиграфия және қағаз өнеркәсібінің халықаралық мамандандырылған көрмесі халықаралық мәні бар ірі шараның бірі.Оған қатысуға тілек білдіретін елдердің қатары жылдан-жылға артып келеді. Алматыға арнайы келген көрменің бас директоры Рикард Винкам және Messe Düsseldorf GmbH Орталық Азия елдері бойынша өкілдігінің директоры Михаэль Мандель оңтүстік астанамыздағы Полиграфиялық колледжің білім базасын аралаудан бастады. Айтулы салаға білікті кадрларды даярлап келе жатқан ұжымның жетістігі көп. Өздеріңіз көріп тұрған технологиялар студенттердің мықты маман болып қалыптасуына септігін тигізеді. Яғни, жастар практикалық тұрғыдан шыңдалады,таңдаған мамандығына төселеді.

БИЛАЛДИН АХМЕТОВ АПК ДИРЕКТОРЫ

Заман талабына сай жаңа технологиямен жастарға білім беріп жатқан мекеменің озық үлгідегі технологиясына шетелден келген қонақтар таңданысын білдірді.

ЛЮЦ ЕВГЕНИЙ «БЕЙНЕЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ «Білім ордасы жаңа технологиялармен қамтамасыз етілген.Әлемнің озық елдері АҚШ,Жапония,Германия,Қытай секілді дамыған елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Білім ордасының басшылығы әлемнің жаңа технологиясын қадағалап отыратындығы мені қатты таңқалдырады. Бұл өз кезегінде осы жерде білім алып жатқан жастардың келешегі үшін маңызды деп ойлаймы».

МИХАЭЛЬ МАНДЕЛЬ Messe Düsseldorf GmbH ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ БОЙЫНША ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Біз бұл жерге екінші мәрте келіп отырмыз.Қарасам осы уақыт аралығында таңғажайып өзгеріске қадам басыпты. Полиграфия саласы күн санап өзгеріп отыратын кәсіп,оны қуып жету оңай шаруа емес.Біз бүгін білім базасында тың технологиялармен таныстық,студенттер үшін маңызды.Сондай-ақ фото бейнелеу саласындағы таңқажайып жұмыстарға назар аудардық. Қазақтың салт-дәстүрі ғажап,тарихының тереңде жатқанын байқадық».

Германияның аумағында орналасқан Дюссельдорф көрме кешені 8 жылдық үзілістен кейін қайта оралып отыр. Бұған себеп әлемді алқымдаған Ковид індетінің салдары болған.Алдын ала болжам бойынша drupa-2024-ке әлемнің 50 елінен 1400-ден астам экспонент күтілуде, олар жалпы ауданы 140 мың шаршы метр болатын 18 павильонға орналастырылмақ. Халықаралық көрмеге әлем елдерінің полиграфия саласындағы озық жүйелері мен сандық технологиялардағы жетістіктері қойылмақ.

Алматыға арнайы келген шетелдік меймандар,айтулы көрменің ашылу салтанатына келуге шақырып отыр. Жиын барысында әзірліктен бөлек, бағыт-бағдарлары да жанжақты сараланды.