Өткен демалыс күндері теңбіл доптан Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасында матч орын алды. Ойын елордадағы «Астана - Арена» стадионында өтті.Шараны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин трибунадан бірге тамашалады.Тартысты кездесу қазақстандықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды шабуылшы Максим Самородов соқты.Президент футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады.Өз кезегінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Президентке алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы матчтағы жалғыз гол авторы Максим Самородовқа ризашылығын білдірді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ